Қызмет көрсету

Қызмет  көрсету

Жаңа заман талабына сәйкес жаңа мүмкіндіктер, оқырмандарға қолайлы жағдай жасау, қызмет көрсетудің сапасын көтеру – кітапхана қызметкерлерінің айқын мақсаты болып табылады. Оқырмандарға кітапхананың кітап қорын пайдалануына мүмкіндік жасалған.

Кітапханада библиографиялық жұмыстар атқарылады, оның негізгі бағыттары: анықтама-библиографиялық аппаратты ұйымдастыру, анықтама-библиографиялық қызмет көрсету, оқырмандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Жаңа басылымдардың түсу мерзіміне қарай «Ақпарат күні» ашық және тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылады.

Оқырмандарға қызмет көрсету сапасын арттыру, тұтынушылардың қанағаттандырылуын анықтау үшін «Кітапхана – оқырмандардың көзқарасымен», «Жоғары оқу орнының кітапханас: келешекке көзқарас»  тақырыптар бойынша сауалнама өткізілді.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының кітапханасы «Кітапханаға кітап сыйла» акциясын өткізеді. Акция мақсаты: институттың ақпараттық ресурстарын арттыру. Кітапхана өз қорына ғылыми, оқу, анықтамалық, көркем әдебиеттерді мемлекеттік, орыс және өзге тілдерде құрметпен қабылдайды.

Кітап оқылатын болса өз оқырманының жанында мәңгі жасайды. Институттың педагогикалық ұжымы «Кітапханаға кітап сыйла» акциясына белсене қатысты. Олардың есімі институт кітапханасының тарихымен әрқашан байланысты. Кітапхана үшін сыйлықтың барлығы маңызды. Бұл кітап өмірін ұзартуға және кітапхананы қолдауға мүмкіндік береді. Қазір институттың кітапханасының қорын толықтырудың маңызды көзі оқырмандар сыйлығы, қайырымдылық көмегі.

Оқырмандарға толық және сапалы қызмет көрсету мақсатында                       А. С. Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Шымкент орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі,  М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ақпараттық білім беру орталығы мен келісім-шарт жасалды.

Кітапхананың аса маңызды жұмыстарының бірі – көпшілік-тәрбие жұмыстар. Кітапханада атаулы күндерге арналған тақырыптық және ашық кітап көрмелері ұйымдастырылады; өзекті мәселелер бойынша тақырыптық папкалар жасалынады, кітапхананың пайдалану ережелері туралы бірінші курс студенттері арасында әңгімелер ұйымдастырылады, институтта өткізілетін конференциялар мен семинарларында кітап көрмелерін безендіреміз. 

Атап айтқанда: «Мәңгілік ел» – ұрпақтың мәңгілік болашағы; «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің  жана саяси бағыты»; «Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім», «Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі», «Дәуір және тағдыр құрбандары», «Астана – арман қаласы», «Қазақстан жасампаз жетістіктер жолында», «Еліміздің ертеңі – білімді жастар», «Бір Отан, бір тағдыр, бір Елбасы», «Тәуелсіздік – баға жетпес құндылық», «Тәуелсіздіктің ұлы рухы», «Кәсіби білім – кемел келешектің кепілі», «Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ», «Ел болашағы – салауатты ұрпақ» және басқалар.

 «Фолиант» баспасымен бірлесіп жұмыс істейміз. Жыл сайын институтта «Фолиант» баспасынан шыққан оқу әдебиеттері, көркем әдебиеттері, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарық көрген кітаптардың көрмесі өткізіледі.

Қазақ