Кітапхана құрылымы

Кітапхана  құрылымы

 

Кітапхана құрылымы: бас оқу залы; ғылыми оқу залы; электронды оқу залы; жатақханадағы оқу залы; абонемент; кітап қорын толықтыру, өңдеу және жүйелеу бөлімшесі. Оқырмандарға төрт оқу залында, бір абонементте бес кітапханашы қызмет көрсетеді.

 

 

 

 

Кітап қорын толықтыру, өңдеу және жүйелеу бөлімшесі

кітапханаға жаңа түскен әдебиеттерді есепке алады, ғылымы мен тәжірибесіне сай каталогтар жүйесін дәстүрлі және электронды түрде ұйымдастырады, техникалық өңдеу, әмбебап ондық жүйе (ӘОЖ) индекстерін беру жұмыстары осы бөлімшеде жүзеге асырады.

Бас оқу залы

Бас оқу залының көркемдігі мен жайлылығы шығармашылық жұмыспен айналысуға қолайлы жағдай туғызады, мұнда оқытушылар мен студенттер кітап қорының толық репертуарын пайдалануға мүмкіндігі бар. Бас оқу залының кітап қорында барлық сала бойынша басылымдар жинақталған. Оқу әдебиеттерді тек қана оқу залында пайдалануға болады.

Ғылыми оқу залы

Ғылыми оқу залы профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің ғылыми зерттеу жұмысына ақпараттық қызмет көрсету мақсатында ашылды.

Қордың құнды бөлігін монографиялар, диссертациялар, авторефераттар, реферативті және ғылыми журналдар, конференциялардың жинақтары құрайды. Институттың профессор-оқытушылар құрамының еңбектері ғылыми оқу залының қорында  жинақталған.

Біздің оқырмандарымыз ғылыми оқу залында ең өзекті және жедел ақпаратты газет-журнал беттерінен таба алады. Мерзімді  басылымдар барлық жоғары білім саласы бойынша (педагогика, психология, математика, химия, биология, тарих, физика және т. б.) жинақталған.

Энциклопедиялар, анықтамалар, диссертациялар, мерзімді басылымдар сирек және құнды кітаптар ғылыми оқу залында пайдалануға беріледі.

 

Электронды оқу залы

Пайданушыларға сапалы ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету үшін электронды оқу залында – Интернет/Интранет ақпараттық ресурстарымен, электрондық оқулықтармен, электронды каталогтармен, мәлімет базаларымен  қамтамасыз етілген. Электронды оқу залы Интернет желісіне қосылған.

Электронды қорын белсенді қалыптастырып оқырмандардың әлемдік ақпарат көздеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Электронды тасымалдағыштар қоры жинақталуда.

Деректер қорында: оқулықтардың электронды нұсқасы, профессор-оқытушылар құрамының еңбектері; оқу құралдары, электрондық оқулықтар, арнайы оқу бағдарламалары; мәліметтер базасы (мультимедиялық энциклопедиялар, сөздіктер).

Абонемент

Абонементте оқырмандарға оқулықтарды кітапханадан тыс жерлерде пайдалану үшін оқулықтармен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етеді.

Пайдаланушыларды абонементте бірінші жазылуына жеке куәлік және 3x4 өлшемді бір фотосурет қажет, оқырман формуляры толтырылады. оқу әдебиеттер үйге беріледі

Қазақ