Кітапхана туралы

Кітапхана туралы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының кітапханасы 2011 жылдың қыркүйек айында құрылды.
Кітапхананың миссиясы – жеке тұлғаның үйлесімді дамуын, қоғамның қалыптасуына ықпал ететін ақпаратқа қолжетімділікті, теңмүмкінділіктілікті, сапалы кітапханалық қызметті қамтамасыз ету.
Кітапхана мақсаттары: оқырмандардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру; пайдаланушылардың ақпаратқа, білімге, мәдениетке еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету; жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, кітапханалық қызметті ұйымдастыру; пайдаланушылардың ғаламдық ақпараттық желіге қол жеткізуіне мүмкіндік беру.
Кітапхана міндеттері: кітапхана жұмысының дәстүрлі, сондай-ақ инновациялық әдістері мен формаларын қолдана отырып, анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру; кітапхана қорын толықтыру және сақтауын қамтамасыз ету; оқырмандардың сұранысын тұрақты зерттеу; кітапхананың материалды-техникалық базасын нығайту.
Кітапхана қоры ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлігі болып табылады және оған басылымның келесі түрлері жатады: барлық білім салалары бойынша оқу әдебиеттері; оқу-әдістемелік әдебиеттер; ғылыми әдебиеттер, мерзімді басылымдар. Электронды қордың құрамы: электрондық оқулықтар, оқытушы-профессорлар құрамының электронды түрдегі еңбектері, Интернет ресурстары, мәліметтер базалары.
    Кітапхана қоры мемлекеттік сатып алу бойынша ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғалардың және басқа мекемелердің сыйға тартқан кітаптары, мерзімді басылымдар арқылы толықтырылады.
Жыл сайын кафедралардың сұраныстары негізінде оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді мемлекеттік сатып алудың жоспары құрастырылады.
Кітапхана қорын толықтыру көздері: «Фолиант», «Эверо», «Бастау», «ҚазҰУ», «NURPRESS» баспалары және Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы.
Кітапхананың анықтама-библиографиялық аппараты электронды, алфавиттік, жүйелілік, топографиялық каталогтар және анықтама-библиографиялық қор құрайды. Анықтама-библиографиялық аппараты ұйымдастыру бойынша келесі технологиялық процестерді атқарады: каталогтау (ӘОЖ кестесі бойынша индекстеу, авторлық белгі  және библиографиялау.
  Кітапхана қызметкерлері төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді: қорды қалыптастыру және құжаттарды жинақтау, өңдеу; анықтама-библиографиялық ақпаратты ұйымдастыру; оқырмандарға ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету; кітапхана-библиографиялық процестерін автоматтандыру; кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.
Кітапханада жеті қызметкер бар. Барлық қызметкерлер жоғары білімді, оның ішінде алтауының жоғары кітапханалық білімі бар. Қазақстанның ірі кітапханалары мен Шымкент қаласында орналасқан кітапханалармен іскерлік қарым-қатынас жасаймыз. Кітапхана қызметкерлері біліктілігін арттыру үшін әртүрлі тақырыптар бойынша өткізілетін конференциялар мен семинарларға қатысады.
Кітапхана қызметкерлері кітапхана-библиографиялық қызметтің басым бағыттары бойынша семинар, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, форумдарға белсене қатысады.
Кітапхананың материалдық-техникалық базасы кітапханалық жиһаздармен (шкафтар, стеллаждар, кітап көрмесіне арналған сөрелер және т. б.), компьютерлік және көшіру-көбейту техникаларымен (компьютерлер, принтерлер және т. б.) толық қамтамасыз етілген.
 

Қазақ