Кітапхана басшысы

Надпись:  Тлеукеева Роза Әмірқызыкітапхана басшысыКітапхананы Тлеукеева Роза Әмірқызы басқарады. Жоғары оқу орны кітапханасындағы  жұмыс өтілі 35 жыл.

1982 жылы әл-Фараби атындағы Чимкент педагогикалық мәдениет институтының «Кітапханатану және библиография» мамандығын бітірген.

Өзінің еңбек қызметін 1982 жылы қыркүйек айында Шымкент педагогикалық институтында кітапханашы, кейіннен библиограф қызметін атқарды. 1987–1990 аралығында Шымкент педагогикалық дене шынықтыру институтының кітапханасында кітапхана меңгерушісі қызметін атқарған.            1996–2011 жылдары М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ақпараттық білім беру орталығында бас библиограф, оқырмандарға қызмет көрсету, кітапхана-библиографиялық үрдістерді компьютерлендіру,  инновация және жаңа технологиялар бөлімдерінің меңгерушісі, ақпараттық білім беру орталығының директор орынбасары қызметін атқарған.

2011 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының кітапхана басшысы қызметін атқарып келеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Қазақстан кітапханаларының ақпараттық консорциумы, Қазақстан ЖОО кітапханалары, ОҚО А. Пушкин атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы, ОҚО білім беру жүйесі кітапханаларының аймақтық әдістемелік бірлестігінің базасында ұйымдастырылған семинарларға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, форумдарға белсене қатысқан.

М. Әуезов атындағы ОҚМУ ақпараттық білім беру орталығының web-сайтын жасаған. Кітапхана-библиографиялық қызметтің басым бағыттары бойынша ресейлік және қазақстандық кәсіби журналдарында жарияланымдары басылған, әдістемелік құралдар, анықтамалар, бүктемелер мен  жолсілтемелердің құрастырушысы. 

 

Жарияланған мақалалар тізімі

  1. Тлеукеева Р.А. Информационная система управления вузовской библиотекой. // Мир библиотеки. – 2009. - №3. – С.27-32
  2. Тлеукеева Р.А. Методист-универсал – уникальный специалист.  // Библиотека. – 2009. - №6. – С.54-57
  3. Тлеукеева Р.А. Педагогические функции методического руководства библиотечными кадрами. // Библиотека. – 2008. - №3. – С.55-58
  4. Тлеукеева Р.А. Университетская библиотека: новые реалии, новые возможности. // Мир библиотеки. – 2006. - №1.- С.10-11
  5. Бекова С.М., Тлеукеева Р.А. Профессиограмма методиста-универсала. // Материалы республиканского семинара 24-25 мая 2006 г. «Совершенствование научно-методической деятельности вузовских библиотек». – Алматы, изд-во Центр КазНТУ. – 2006. – С.53-56 
  6. Тлеукеева Р.А. Педагогические  функции  методического  руководства библиотечными кадрами высших и средних специальных учебных заведений  Южно-Казахстанской  области.// Наука и образование. Сер. Педагогические науки. – 2006. - №5 (54). – С. 29-32
  7. Тілеукеева Р.Ә. Кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру формаларын жетілдіру.        // Кітапхана әлемі. – 2005. - №2. – 32-33 бет
  8. Тлеукеева Р.А. Конкурс профессионального мастерства. // Университет. – 12 апреля. – С.12
  9. Тлеукеева Р.А. Соревнуются профессионалы. – Панорама Шымкента. – 2005. – 22 апреля. – С.8
  10. Тлеукеева Р.А. Система повышения квалификации библиотекарей учебных библиотек Южно-Казахстанской области. // Кітапхана. 2004. - №4. – С.43-46
  11. Тлеукеева Р.А. Образовательно-информационный центр вуза. //  Мир библиотеки. - №2. – С.48

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының кітапханасы 2011 жылдың қыркүйек айында құрылды.

Кітапхананың миссиясы – жеке тұлғаның үйлесімді дамуын, қоғамның қалыптасуына ықпал ететін ақпаратқа қолжетімділікті, теңмүмкінділіктілікті, сапалы кітапханалық қызметті қамтамасыз ету.

Кітапхана мақсаттары: оқырмандардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру; пайдаланушылардың ақпаратқа, білімге, мәдениетке еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету; жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, кітапханалық қызметті ұйымдастыру; пайдаланушылардың ғаламдық ақпараттық желіге қол жеткізуіне мүмкіндік беру.

Кітапхана міндеттері: кітапхана жұмысының дәстүрлі, сондай-ақ инновациялық әдістері мен формаларын қолдана отырып, анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру; кітапхана қорын толықтыру және сақтауын қамтамасыз ету; оқырмандардың сұранысын тұрақты зерттеу; кітапхананың материалды-техникалық базасын нығайту.

Кітапхана қоры ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлігі болып табылады және оған басылымның келесі түрлері жатады: барлық білім салалары бойынша оқу әдебиеттері; оқу-әдістемелік әдебиеттер; ғылыми әдебиеттер, мерзімді басылымдар. Электронды қордың құрамы: электрондық оқулықтар, оқытушы-профессорлар құрамының электронды түрдегі еңбектері, Интернет ресурстары, мәліметтер базалары.

    Кітапхана қоры мемлекеттік сатып алу бойынша ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғалардың және басқа мекемелердің сыйға тартқан кітаптары, мерзімді басылымдар арқылы толықтырылады.

Жыл сайын кафедралардың сұраныстары негізінде оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді мемлекеттік сатып алудың жоспары құрастырылады.

Кітапхана қорын толықтыру көздері: «Фолиант», «Эверо», «Бастау», «ҚазҰУ», «NURPRESS» баспалары және Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы.

Кітапхананың анықтама-библиографиялық аппараты электронды, алфавиттік, жүйелілік, топографиялық каталогтар және анықтама-библиографиялық қор құрайды. Анықтама-библиографиялық аппараты ұйымдастыру бойынша келесі технологиялық процестерді атқарады: каталогтау (ӘОЖ кестесі бойынша индекстеу, авторлық белгі  және библиографиялау.

  Кітапхана қызметкерлері төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді: қорды қалыптастыру және құжаттарды жинақтау, өңдеу; анықтама-библиографиялық ақпаратты ұйымдастыру; оқырмандарға ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету; кітапхана-библиографиялық процестерін автоматтандыру; кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.

Кітапханада жеті қызметкер бар. Барлық қызметкерлер жоғары білімді, оның ішінде алтауының жоғары кітапханалық білімі бар. Қазақстанның ірі кітапханалары мен Шымкент қаласында орналасқан кітапханалармен іскерлік қарым-қатынас жасаймыз. Кітапхана қызметкерлері біліктілігін арттыру үшін әртүрлі тақырыптар бойынша өткізілетін конференциялар мен семинарларға қатысады.

Кітапхана қызметкерлері кітапхана-библиографиялық қызметтің басым бағыттары бойынша семинар, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, форумдарға белсене қатысады.

Кітапхананың материалдық-техникалық базасы кітапханалық жиһаздармен (шкафтар, стеллаждар, кітап көрмесіне арналған сөрелер және т. б.), компьютерлік және көшіру-көбейту техникаларымен (компьютерлер, принтерлер және т. б.) толық қамтамасыз етілген.

Қазақ